Описание
Алма Оразбаева (28.12. 1898, Бөкей ордасы, — 1948, Жамбыл, Луговая станциясы) — мемлекет және қоғам қайраткері. Жұмысшы отбасында дүниеге келген. Ордадағы 1 кластық орыс-қазақ мектебінде сауат ашқан. 1909-11 ж. Симбирскідегі чуваш мектебіңде оқиды. Әкесінің қайтыс болуына, қаражаттапшылығына байланысты оқуын аяқтай алмай, елге оралып, алдымен Ордадағы жаңадан ашылған 2 кластық қыздар мектебінде оқиды. Кейін осындағы жоғарғы бастауыш ерлер мектебі жанындағы 3 жылдық курсты бітіріп, бастауыш класс мұғалімі мамандығын алып шығады (1916).
ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ
Ұстаздық жолын Новая Казанка ауылында бастайды. 1917 ж. Мамыр айында С.Меңдешевтің бастауымен Ордада өткен, бүкіл оқу жүйесін өзгертуді талап еткен мұғалімдер съезінің жұмысына белсене қатысады. ОрдадаКеңес өкіметі орнаған күннен бастап әйел теңдігі, жесір дауы мәселелеріне тікелей араласьш, өзінің жалынды сөздерімен, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған уытты мақалаларымен қазақ әйелдерінің көзін ашуға тырысады.
Оразбаеваның ұйымдастырушылық қабілеті қазақтың 1-үлгілі атты әскер полкін құру кезінде ерекше байқалды. 1919 ж. 17 маусымда Қазақ әскери істер жөніндегі комиссариатының бұйрығымен комиссариаттың саяси-ағарту бөлімінің үгітшісі болып тағайындалып, көп ұзамайМәскеудегі Я.М.Свердлов атындағы Коммунистік университеті жанындағы үгітшілер мен насихатшылар курсына оқуға жіберіледі. 1919 ж. қазанда осында РК(б)П қатарына қабылданады. 1919-28 ж. РК(б)П Орынбор губкомы қазақ секциясының жауапты хатшысы, Бөкей губерниялық партия комитеті әйелдер бөлімінің меңгерушісі, Қазақ облысы және Қазақстан өлкелік комитетінің, БК(б)П Нижне-Волжск комитеті әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлімінің меңгерушісі әрі бюро мүшесі, Қазақстан өлкелік саяси-ағарту бас басқармасының бөлім меңгерушісі болым істейді. БОАК-нің мүшесі, РК(б)П ОК-нің жұмысшы және шаруа әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі комиссиясының мүшесі, Қазақ АКСР ОАК-нің әрі президиум мүшесі болып сайланады. Партияның 12, 13, 14-інші съездеріне, 14-Бүкілодақтық партия конференциясына, коммунист әйелдердің 3- халықаралық конференциясына, Коминтерінің 5-конгресіне делегат болып қатысады. Оразбаеваның қазақ өнеріне, өнерлі жастарға жасаған қамқорлығы да ерекше.